Сөгіс жарияланды: Петропавлда оқушысы ер адамды пышақтап кеткен мектеп директоры жазаланды

Петропавлдағы №44 орта мектепте болған оқиғаға қатысты білім ордасының басшысына сөгіс жарияланды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте белгілі болды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

15-ші мамыр күні Петропавлдағы Жұмысшы кентінде орналасқан мектептің 11-сынып оқушысы мен 19 жасар жігіт сөзге келіспей қалады. Дау соңы төбелеске ұласып, оқушы ер адамға пышақ жарақатын салған. Студент бірден облыстық ауруханаға жеткізілді. Бұл жанжалдың бәрі мектептің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Осы оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы басшының міндетін атқарушы Татьяна Протопопова өз пікірін білдірді.

«Оқушы – кәмелеттік жасқа толған. Ол бұрын №44 мектепте оқыған. Кейін тәртібі үшін арнайы мектепке ауыстырылды. 18 жасқа толғасын оны аталмыш мектептен шығарып жіберген. Петропавлға келгесін ол өзінің бұрынғы білім ордасына келіп, директорға 11-сыныпты аяқтағысы келетінін, тәртіпті оқушы болатынын айтқан. Директор оны аяп, мектепке қабылдапты. Ал екі күн өткесін қайғылы оқиға болды. Бұдан кейін директорға сөгіс жарияланды. Негізі бұл жерде адами фактор болып тұр. Оқушыны мектепке қабылдамай, кешкі мектепке жіберу керек еді. Өкінішке қарай, қиын жағдай орын алды. Жалпы мектептердің барлығында арнайы күзет, бейнекамералар бар. Бөгде адамдар кіре алмайды», -деді спикер.

Тағы оқыңыз: СҚО-да электр бағандарын қорғау үшін маңына ағаш отырғызылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x