Солтүстікқазақстандық полицейлер облыс жолдарында бірнеше бейнебақылау ақпараттық-бағдарламалық кешенін орнатты. Мәселен 10-шы маусымнан бастап «ақылды» камералар  Бескөл мен Бәйтерек ауылдарының негізгі кіреберістерінде жұмыс істеп тұр, деп жазады Qazaqstan Media.

Петропавлда фото және бейне тіркегіш орнатылған жолдарда ауыр жол-көлік оқиғалары тіркелмеген.  Осыны ескере отырып және  азаматтардың өтініштерін ескеріп, полицейлер бұл жүйелерді қала маңындағы жолдарға да енгізу жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгінде облыста  67 «интеллектуалды» бейнебақылау аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істейді. 10 маусымнан бастап қозғалыс қарқыны жоғары Қызылжар ауданының шеткі аймақтарында тағы бес жаңа құрылғы іске қосылды. Олар «Жезқазған – Петропавл» трассасындағы Бескөл мен Бәйтерек ауылдарының негізгі кіреберістерінде, «Астана – Петропавл» жолындағы «Altiro» кафесінің маңында және «Челябі – Новосібір» трассасындағы Белое ауылының негізгі кіреберісінде орнатылған.

СҚО жолдарында тағы бірнеше «ақылды» бейнекамералар орнатылды
СҚО жолдарында тағы бірнеше «ақылды» бейнекамералар орнатылды

«Бұдан бөлек, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы «Көкшетау – Петропавл» автожолында Бескөл, Астраханка және Драгомировка ауылдарының маңындағы аркаларға жылдамдықты автоматты өлшеу құралдарын орнатты. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты – өңір жолдарындағы апаттар санын азайту»,- деп нақтылады СҚО ПД баспасөз қызметі.

 Биыл жыл басынан облыс аумағында 184 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, жеті адам қаза тапты. 256 адам түрлі дене жарақатын алды.

Тағы оқыңыз: СҚО көлік бақылауы инспекциясына жаңа басшы тағайындалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *