СҚО жолдарында «ақылды камералар» іске қосылды

11-ші қыркүйектен бастап облыс жолдарында «ақылды камералар» іске қосылды. Олар жолда жүру ережелерін бұзушыларды автоматты түрде тіркейді, деп жазады Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдарда аталмыш құрылғылар алғаш рет 2022 жылы орнатылған болатын. Қазір өңірде осындай 30 камера істеп тұр. Олар орнатылған учаскелерде адамдар зардап шеккен бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеген.

«Биылғы жылдың сегіз айында аталған камералар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе аз бұзушылық тіркеді. Бұл құрылғылардың жүргізушілерді тәртіпке келтіргенін байқауға болады. Әрі бұл – жол үстіндегі қауіпсіздіктің маңызды қадамы. Облыста қаңтар айынан бері 297 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 23 адам қаза тауып, 405 адам жарақат алды», — деп нақтылады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаменті тұрғындардың өтініші бойынша 24 «ақылды камера» сатып алған. Олар өңірдің көше-жол желісіндегі қозғалысы көп учаскелерінде орнатылған. Екі кешен темір жол өтпесіндегі, үшеуі жаяу жүргіншілер өткеліндегі бұзушылықтарды тіркейді. Ал төрт кешен патрульдік автокөліктерде қойылған.

Бұдан бөлек, қала сыртындағы жолдардың апаттық қауіпті учаскелерінде «Кордон.Про»М аппараттық-бағдарламалық кешендері жұмыс істей бастады. Бұл құрылғылар жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану, жол таңбаларының бұзушылықтарын тіркейді.

Тағы оқыңыз: Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жаңа бастық келді

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *