Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл жолы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары жүйелі түрде 9,5 млн теңге пара алған деген күдікке ілінді, деп жазады Qazaqstan Media.

Бақсарма орынбасарының көз қыстылық, бармақ бастылық ісін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен әшкерелеген.  Бұл туралы 30-шы маусымда өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров айтты. Шенеунік жол жөндеу жұмыстарынан да, әлеуметтік маңызы бар жолаушыларды тасымалдау жұмыстарынан да өз қалтасына пайда көріп келген.

Данияр Биғайдаровтың айтуынша, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

«Ол жол жөндеу жұмыстары бойынша орындалған актілерге қол қою және облыс аумағындағы әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалы бойынша шығындарын өтеу үшін субсидия төлеу мақсатында мердігер ұйымдардан жүйелі түрде 9,5 млн теңге пара алған деген күдікке ілінген», — деді Данияр Биғайдаров.

Тағы оқыңыз: СҚО-да лауазымды тұлға инвесторды заңсыз тексерген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *