Облыстық ТЖД қызметкерлері Қызылжар ауданындағы «№3 Бескөл орта мектебінің» оқушыларымен кездесті. Игі шараның тілсіз жаудың алдын алуға көмектесері айдан анық, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жасөспірімдердің көбі үйде өрт шыққан кезде не істеу керектігін аса біле бермейді. Абдырап, қалады. Қызыл жалын баспананы түгел жалмамас үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін білуі тиіс. Сол мақсатты төтеншеліктер күн сайын мектептерді аралауда.

«Мектепте оқушыларға өрт қауіпсіздігі жайлы жиі түсіндіреміз. Бірақ, біз құтқарушылар сияқты көп дүниені білмейміз. Сондықтан бұл шара оқу орны үшін аса маңызды. Осыған дейін де білім ұясында бірнеше рет осы сияқты түсіндірме жұмыстары көптеп өткізілді», — мектеп директорының орынбасары Айнагүл Жумина.
Құтқарушылар оқушыларға эвакуация жұмыстарының қалай жүргізілетінін көрсетті. Ұл-қыздар төтеншеліктер қолданатын құрылғылармен танысты. Киімдерін де киіп көріп, өздерін бір сәт құтқарушы сезінді.
Тағы оқыңыз: Петропавлға есірткі тасымалдаған шекарашы 8,5 жылға сотталды