Алматы облысында Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесін негізге ала отырып, жүгеріні терең өңдеу жобасы жүзеге асырылады. Бұл жобаға республикалық бюджеттен қаржы бөлінді, Qazaqstan Media.
Жалпы қаржыландыру көлемі – 4 млрд теңге. Оның 2,5 млрд теңгесі «АзияАгроФуд» компаниясына берілді. Бұл қаражат жүгеріні өңдейтін зауытты іске қосуға және жаңа жабдықтар алуға жұмсалады. Жоба биыл іске асады. Нәтижесінде өңірде өңдеу саласы дамып, жаңа жұмыс орындары ашылады.
Сонымен қатар, су ресурстарын үнемдеу үшін «Alfalfa» серіктестігіне 1,5 млрд теңге бөлінді. Компания бұл қаржыға су үнемдейтін заманауи технологияларды енгізеді. Бұл жоба да осы жылы басталады.
Мамандардың айтуынша, мұндай мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен серпін береді. Бұл өндіріс көлемін арттырып, инвестиция тартуға, сондай-ақ ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Тағы оқыңыз: Майбалық ауылындағы өртте қаза болған баланың денесі әлі табылған жоқ

