СҚО тұрғыны жарамсыз болып қалған үй үшін несие төлеуге мәжбүр

Амаnat партиясының қоғамдық қабылдауына Есіл ауданы Покровка ауылының 15 тұрғыны жүгінді. Олардың қатарында Инга Тодоровская да бар. Осыдан шамамен бір ай бұрын оның да үйі суға кеткен. Баспанасы тұруға жарамсыз болса да, ол несие төлеуге мәжбүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жас маман 2022 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Покровка ауылында үй алған. Баспананы бағалау кезінде сараптама тұрғын үйдің жарамды екенін растаған. Алайда уақыт өткеннен кейін шатыр мен терезелер бүлініп, іргетасында жарықтар пайда болған. Қабырғалар да сөгіле бастаған. Инганың айтуынша, бұл үй қазір тұруға жарамсыз.

«Менің үйім 15 жыл мемлекет кепілдігінде. Сондықтан мен оны сата алмаймын. Сондай-ақ шартқа сәйкес баспананы таза ұстауым керек. Үйді қалпына келтіргенше дейін несие бойынша төлем кейінге қалдырылғанын естідім. Бірақ өз қаржымды шығарып, қайта жөнеудің қажеті жоқ екенін түсіндім. Себебі, уақыт өте келе бұл тұрғын үй құлап қалуы ықтимал. Материалдық төлем жеткіліксіз. Мен үйді қайта бағалап, шешім қабылдағанын қалаймын», – дейді Инга Тодоровская.

СҚО тұрғыны жарамсыз болып қалған үй үшін несие төлеуге мәжбүр

Инга Тодоровская баспанасы үшін әлі 14 жыл бойы ай сайын 25,5 мың теңге көлемінде несие төлеуі тиіс. Amanat партиясының өкілдері бұл қиын жағдай екенін және мәселе заңгерлермен бірге мұқият қаралатынын айтты.

СҚО тұрғыны жарамсыз болып қалған үй үшін несие төлеуге мәжбүр

 

«Біз мәжіліс депутаттарына және «министрлік деңгейінде» қойылатын сұрақтарды жазып алдық. Жалпы «Құқықтық көмек» жобасы бойынша су тасқынынан зардап шеккендер бойынша өткізіліп отырған тоғызыншы қабылдау. Қызылжар ауданының тұрғындары ең көп өтініш білдірді. Онда 18 ауылды су басқан», – деді Amanat партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Гүлфира Рамазанова.

СҚО тұрғыны жарамсыз болып қалған үй үшін несие төлеуге мәжбүр

Бұған дейін Amanat өкілдері Есіл ауданына барған болатын. Николаевка және Петровка ауылдарында олар зардап шеккен 41 адамға әлеуметтік жәрдемақы алуға көмектесті.

Тағы оқыңыз: СҚО-да колонияға 11 телефон алып өтпек болған азамат ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x