СҚО тұрғыны көкшетаулық жігітті пышақтап өлтірген

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Көкшетау қаласындағы ойын-сауық орындарының бірінде 22 жастағы жігітті өлтіріп кеткен. Марқұм сол күні некесін қиған екен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 12 қарашада Көкшетау қаласындағы ойын-сауық орындарының бірінде болған. Жастар арасында төбелес болып, салдарынан 22 жастағы жігіт мерт болған.

«12 қарашада Көкшетаудағы ойын-сауық орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіріп кетті. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, ұсталды. Алты адамға қатысты ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — делінген Ақмола облыстық ПД хабарламасында.

Qazaqstan Media редакциясына 22 жастағы жігітті пышақтап өлтірген азамат СҚО Ақжар ауданы Талшық ауылының тұрғыны екені белгілі болды. 32 жастағы ер адам осыған дейін екі рет істі болған екен.

Ал кісі қолынан қаза тапқан жігіт сол күні некесін қидырған екен.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық кәсіпорын авиаотын өндіретін болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *