СҚО полицейлері облыс тұрғынының көлігінен 100 литрден астам заңсыз алкоголь өнімдерін тәркіледі. Спирттік өнімдерді тасымалдаған жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Акциздік маркалары жоқ өнімдерді 39 жастағы солтүстікқазақстандық тасымалдаған. Оны рейдік шаралар барасында Ақжар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады. Олар ер адам басқарған Mazda минивэнін тоқтатап, көлік салонында бес литрлік пластикалық ыдыстарды және шыны бөтелкелер салынған қораптарды байқаған. Полицейлер көліктен барлығы 105 литр заңсыз алкоголь тәркіледі. Жүргізуші бұл әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаңтар айында облыста барлығы 1145,5 литр акцизсіз алкоголь өнімдері тәркіленді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда таяу күндері 35 градус аяз болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *