Солтүстік Қазақстанда гараждан өрт шығып, ауыл тұрғынының екі бірдей көлігі жанып кетті, деп хабарлады Qazaqstan Media тілшісі.
Өрт түнде Тайынша ауданындағы Леонидовка ауылында болған. Қызыл жалын 96 шаршы метр аумақты шарпып өтті. Салдарынан ауыл тұрғынының гаражы мен екі бірдей көлігі жанып кетті.
«Гаражда өрт қауіпсіздігі ережесі сақталмаған. Бұл өрттің пайда болуына әкеп соққан. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ», — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-ның тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасын ұстап тұруға мүдделі