Енді солтүстікқазақстандықтар қалааралық, ауданаралық және халықаралық автобустарға билетті электронды жүйе арқылы сатып ала алады. Сүйінші хабарды облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Яғни, енді тұрғындарға автобусқа билет алу үшін бұрынғыдай автовокзалға барудың қажеті жоқ. Енді  үйде отырып-ақ кез келген бағытқа билет сатып алуға болады. Ол үшін бар болғаны avpetr.kz сайтына кіру керек.

«Сайтта сіз автобустардың жүру кестесін қарап, билеттердің құнын біле аласыз. Сондай-ақ жылдам әрі кезек күтпей билетті сатып ала аласыз», — делінген жазбада.

Айта кету керек, билеттерді алдын ала сатып алуға да болады. Яғни, баратын жеріңізге билетті бір ай бұрын алып қою мүмкіндігі бар.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, аймақтағы ауылдардың 83,8%-ы, яғни 443 елді мекеннің 371-і ғана қоғамдық көлікпен қамтылған. Бүгіндері өңірде 126 бағыт бойынша автобус қатынайды. Оның 47-сі субсидиялаған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан 18 жасөспірім жүкті болып қалған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *