Махаббатта шектеу жоқ. Солтүстік Қазақстан облысындағы түзету мекелерінде жазаны өтеп жатқан екі сотталушы сүйіктілерімен некелерін қиып, заңдардыстырды, деп жазады Qazaqstan Media.
Темір тордың ар жағында отырса да, сүйіктісімен отау құруға еш кедергі жоқ. №52 түзету мекемесінде сотталған ер адам өз сүйіктісімен отау құрды. Олардың некелерін заңдастыру үшін мекемеге АХАЖ бөлімінің қызметкері арнайы шақырылды. Жас жұбайлар неке жүзіктерін киіп, махаббаттарына берік болуға уәделесті.
Дәл осындай қуанышты сәт №50 түзету мекемесінде де орын алды. Шалыс басып, түрмеге тоғытылған әйел өзінің сүйікті азаматымен некесін қиды.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде, түрмеде жазасын өтеп жүрсе де отау құруға шектеу қойылмайтындығын айтты. Былтыр облыста 14 сотталушы отбасын құрыпты. Ал темір торда отырған қыз-келіншектердің арасында тек төртеуі ғана сүйіктісімен некелерін заңдастырған.
Тағы оқыңыз: СҚО су қоймаларына 104 млн теңгеге балық дернәсәлдері жіберілді