СҚО - су тасқыны салдарын жоюға мехбригадалар тартқан жалғыз өңір

Премьер-Министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстарымен танысты. Жаңа Бірлік ықшам ауданының тұрғындарымен кездесіп, кейін механикаландырылған бригадалардың жұмысымен танысты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Үкімет басшысы Петропавл қаласындағы Бірлік ықшам ауданында жаңадан бой көтерген үйлерді аралап, баспанаға ие болған азаматтармен әңгімелесті. Құрылыс қарқыны мен пайдалануға берілген тұрғын үйдің сапасы, сондай-ақ су тасқынынан кейінгі кезеңде тұрғындарды қолдау мәселесі талқыланды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың барлығының баспанасын қалпына келтіру мәселесін ерекше бақылауда ұстап отыр. Солтүстік Қазақстан облысы қаладағы су басқан ықшам аудандардағы үйлердің құрылысын алғашқылардың бірі болып аяқтады. Біздің басты міндетіміз – зардап шеккендердің барлығын суық түскенге дейін үйлеріне көшіру», — деп атап өткен Олжас Бектенов әкімдікке іргелес аумақты абаттандыруды тапсырды.

 

Өңірде барлығы 700 үй мен 90 орындық балабақша салынып жатыр. 6-шы маусым күні алғашқы үйлер қолданысқа берілді. Маусым айының соңына дейін тағы 47 баспана  беру жоспарланса, 600 үйдің құрылысы биылғы тамыз айының соңына дейін аяқталады. Бірлік ықшам ауданы қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген, топырақты жолдар салынды. Серуендеуге және демалуға арналған аймақтарды абаттандыру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ сапар барысында Олжас Бектенов қалпына келтіруге жататын үйлерді жөндеу жұмыстарымен танысты. Солтүстік Қазақстан облысы – су тасқыны салдарын жоюға механикаландырылған бригадалар тартылған жалғыз өңір. Петропавл бойынша барлығы 85 осындай құрама бар. Қазіргі таңда едендерді ауыстыру, қабырғаларды сылау, гипс қатырмасын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Үкімет басшысы меншік иелері өтемақы түрінде төленген қаражатқа өздері жөндеу жұмыстарын жүргізетін жеке тұрғын үйге барды.

Тағы оқыңыз: Білім беру мекемелеріне әкелуге тыйым салынған заттардың тізімі пайда болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x