Жыл сайын Солтүстік Қазақстанда өзен-көлдерді жалға алушылар балық дернәсілдерін жіберіп, су маржандарын көбейтіп отырады. Облыс 2025 жылы ақсаха және тұқы тұқымдас балықтардың дернәсілдерін 104 млн теңгеге сатып алынды. Бұл туралы Qazaqstan Media редакциясына ҚР АШМ балық шаруашылығы комитетінде хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысында 2025 жылы өзен-көлдерге 93 370 мың тұқы және ақсаха дернәсілдері жіберілді.

«Дернәсілдерді жіберу 19 балық шаруашылығымен айналысатын су қоймаларында жүргізілді. Ол  Долгое Большое, Тереңкөл, Меңкесер, Ақсуат, Қарасор, Горькое және Кривое, Гайдуковое, Немецкое сынды көлдерде жүргізілді. Оларға ақсаха және тұқы тұқымдас балықтардың дернәсілдері жіберілді»,- деп нақтылады ҚР АШМ балық шаруашлығы комитеті төрағасы  Серік Сермағамбетов.

Солтүстік Қазақстан облысының балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер 2025 жылы бекітілген учаскелерінде балықты көбейту үшін шамамен 104 млн теңге жұмсады. Олар Ресейдің шекаралас аймақтарынан, сондай-ақ Ақмола және Қарағанды облыстарында орналасқан балық тәлімбақтарынан  ақсаха түрлерінің дернәсілдерін алды.

Естеріңізге сала кетейік, Петропавлдағы балық тәлімбағы екінші жыл қатарынан жұмыс істемей тұр. Оның аумағы 2024 жылы су тасқыны кезінде зардап шеккен болатын.

Ал облыс аумағында Есіл өзеніне дернәсілдерді жіберу жұмыстары жүргізілмепті. Бұл туралы да балық шаруашлығы комитетінде хабарлады.

«Бұл ретте, мемлекеттік тапсырыс аясында Сергеев су қоймасына бір млн тұқы балығын шығару жоспарлануда. Бұл жұмыстарға 74,8 млн теңге бөлінді», — деді Серік Сермағамбетов.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданының өнерпаздары облыстық байқаудан 1,5 млн теңге жеңіп алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *