Биыл СҚО спортшылары табысты өнер көрсетті. Олар әлем чемпионаттары мен кубоктары, Азия біріншіліктері, Универсиада және Ислам ынтымақтастығы ойындары сияқты ірі халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жыл қорытындысы бойынша спортшылар әлемдік додаларда 110 медаль жеңіп алды. Оның 40-ы алтын, 35-і күміс, тағы соншасы қола медаль. Бұл нәтижелер дайындық деңгейінің жоғары екенін, жаттықтырушылар мен спорт мектептерінің жүйелі жұмысы мен салалық мекемелер тарапынан көрсетілген тиімді қолдауды айқын дәлелдейді.

Маусымның басты қаһармандарының бірі — пара биатлон және пара шаңғы жарыстары бойынша ұлттық құраманың көшбасшысы Ербол Хамитов. Словенияның Поклюка қаласында өткен әлем чемпионатында ол алтын және қола медаль иеленді. Ал Италияда өткен пара шаңғы жарыстарынан әлем біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ Әлем кубогының кезеңдерінде бірнеше мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Наталья Богданова да жарқын маусым өткізді. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін жерлесіміз әлем чемпионы атанды. Қазақстанда өткен Әлем кубогының кезеңінде және Thailand Open халықаралық турнирінде жеңіске жетіп, әлемдік әйелдер боксының көшбасшыларының бірі екенін дәлелдеді.

«Апалы-сіңлілі Шумековалардың жетістігін айтсақ бір төбе. Қазақ күресінен Мейіржан Берекетов Үндістанда өткен әлем біріншілігінде чемпион атанып, тарихи жетістікке қол жеткізді. Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Азия чемпионы атанып, Түркияда өткен беделді «Яшар Догу» халықаралық турнирін жеңіп алды. Ислам Евлоев VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медалға ие болды», — СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО алдағы күндері солтүстік-батыс циклонның ықпалында болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *