Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрінің бұйрығымен Руслан Есеналин спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.

Руслан Есеналин 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол 2012-2020 жылдары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды. Оған дейін төрт жыл аталмыш басқармада орынбасар қызметін атқарды.

Сонымен қатар, 2020-2024 жылдары «Құлагер» хоккей клубының директоры болған.

2024 жылғы 5 маусымнан бастап «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

Еңбек жолының басында дене шынықтыру және спорт мектептерінде бокстан және кикбоксингтен жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеді.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясында Қазақстан Республикасы бойынша кикбоксингтен мемлекеттік жаттықтырушы болған.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясының мемлекеттік қызмет институтын, Ресей Федерациясы президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Тағы оқыңыз: СҚО-да анасын өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты сот отырысы басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x