СҚО сотында кадрлық өзгерістер болды

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Мемлекет басшысының 2024 жылғы 29 шілдегі №607 Жарлығымен тағайындалған судьялар таныстырылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Жарлыққа сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Гүлмира Даниярова қызметінен босатылды. Оның орнына Динара Рахимберлина келді. Ол осыған дейін Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан аудандық сотының судьясы қызметінде болған. Әсел
Досымова Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатылды. Ол енді Қостанай облыстық сотының судьясы болып еңбек етеді.
Ал Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьялары Мұрат Мұқанов, Нүрия Малдыбаева, Тайынша аудандық сотының судьясы Қайрош Әлнәзіров, Петропавл қаласы №2 сотының судьясы Ғайни Хамзина отставкаға шығуына байланысты лауазымынан босатылды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Сәуле Литфуллина мен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Әсел Еслямованың басқа жұмысқа ауысуына байланысты олар қызметтен босатылды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2024 жылы әскерге шақырырушылар саны артады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x