СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Лауазымды тұлға пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте белгілі болды.
«Лауазымды тұлға улы химикаттар қоймасына санитарлық-эпидемиологиялық қортындыны жеделдетіп және кедергісіз бергені үшін кәсіпкерлік субъектілерінен 200 мың теңге мөлшерінде пара алды деп күдіктелуде. Тергеу жалғасуда», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.
Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғын үй қызметінің басшысы бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр