СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі күнде Петропавл қаласында вейптерді заңсыз сатудың үш фактісін анықтады. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары жалпы құны 15 млн теңгеден асатын вейптер тәркілеген, деп хабарлайды Qazastan Media тілшісі.
Сұйық қоспалар түріндегі никотин денсаулық үшін, әсіресе, жасөспірімдер үшін өте қауіпті. Вейптерді пайдалану мидың, жүрек-тамыр жұмысына кері әсерін тигізеді, аллергиялық реакцияларды қоздырады.ҚР заңнамасымен 2024 жылдың 20 маусымынан бастап шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерлі және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға және жарналамауға тыйым салынған.
ҰҚҚКБ жедел уәкілдері тыйым салынған заттарды саудалаған Интернационал көшесіндегі бутиктердің бірін анықтады. Тінту кезінде екі маркадағы 150 вейп тәркіленді. Тәркіленіп алынған заттардың жалпы сомасы 2 миллион 400 мың теңге. Дәл сол күні жедел уәкілдер Алтынсарин көшесінде 19 жастағы қала тұрғыны жалға алған көлікжайда 197 вейп пен оларға арналған сұйықтық құйылған 542 құтыны тәркіледі. Заңсыз тауардың жалпы сомасы 7 миллион теңгені құрады.
« Жас жігіт аталған тауарды сатуға заңмен тыйым салынғанын біле тұра, оларды сатып келген. Telegram мессенджері арқылы сатып келген. Бұдан бөлек, Добровольцев көшесінің бойында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Volkswagen автокөлігінің 19 жастағы жолаушысынан түрлі маркадағы 272 вейп пен оларға арналған сұйықтық құйылған 130 құтыны анықтады. Тәркіленген заттардың сомасы 6 миллион 220 мың теңгеге бағаланып отыр. Жас жігіттің айтуынша, ол да заңмен бұл тауарға тыйым салынғанын білген, бұған қарамастан танымал мессенджердегі каналды пайдаланып, осы өнімдерді сатып келген. Барлық үш факті бойынша да сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, тергеу жүріп жатыр», -деді облыстық ПД баспасөз қызметі
Тағы оқыңыз:СҚО-да тасқыннан бүлінген 10 жолды жөндеуге Үкімет қаржы бөлді