Солүстікқазақстандық полицейлер жолда қалған мұғалімдерге көмек көрсетті. Тәртіп сақшылары олардың көлігінің дөңгелегін ауыстырып берген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Челябі – Новосібір автожолын патрульдеу кезінде жол жиегінде авариялық жарық сигналдарын қосып тұрған Kia автокөлігін байқаған. Көлікте екі әйел отырған. Олар мектеп олимпиадасына асығып бара жатқан өңірдегі білім ордаларының бірінің директоры мен оқытушысы болып шықты. Жолда көлік дөңгелегінің желі шығып кеткен. Полицейлер қосалқы дөңгелекті салуға көмектесіп, мұғалімдер сапарларын жалғастырды.

«Қаңтар айының басынан бастап тәртіп сақшылары СҚО жолдарында жүргізушілерге бірнеше рет көмек көрсетті: жанар-жағармайы таусылған көлікті сүйреді, аккумуляторы отырған көлікті оталдыруға көмектесті. Ал Жезқазған – Петропавл тасжолының 800-шақырымында Audi автокөлігі қарлы боранның салдарынан жолдан шығып кеткен. Тәртіп сақшылары жеңіл автокөлікті жол үстіне шығару үшін өтіп бара жатқан КамАЗ-дың жүргізушісін көмектесуге шақырады. Осы орайда полицейлер қысқы жолдарда көлік жүргізу кезінде өте мұқият болуды ескертеді. Алыс жолға шықпас бұрын көлік құралының техникалық жарамдылығына көз жеткізіп, қажетті құралдар мен жылы киімдерді салып алған жөн. Сондай-ақ телефонды қуаттап алып, ауа-райы болжамдары мен шұғыл қызметтердің жолдарды жабу туралы хабарламаларын бақылап отыруға кеңес береді», — деп көрсетілген облыстық ПД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Тағы оқыңыз: Елімізде базарлар мен шағын дүкендер қызметін цифрландыру жоспарланып отыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *