Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде солтүстікқазақстандық палуан Дмитрий Динер қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

 Дүбірлі додада 30-31 қазан аралығында өтеді. Онда 14 елден келген 100-ге жуық балуан боз кілемге шығады. Спортшылар сегіз салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Ер жігіттің ептілігі мен қайратын, рухы мен төзімін сынға салатын бұл жарыс әлемнің үздік балуандарын анықтауға мүмкіндік береді.

Байрақты бәсекеде солтүстікқазақстандық палуан төрт белдесу өткізді. Алғашқы кездесуде ол Иран елінен келген спортшының жауырының жер иіскетті. Келесі белдесуде отандасымыздан басым түсті. Жартылай финалда өкінішке орай, тартысты белдесуде өзінің әккі қарсыласына жол берді.

Бірақ, бірден жеңілістен сабақ алған Дмитрий Динер қола жүлде үшін таласта қарсыласынан басым түсті.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Мамандықтар калейдоскопы» атты байқау ұйымдастырылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *