Мен, Жамбурбай Санжар Маратұлы Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Горный ауылында дүниеге келдім. 2018 жылы орта мектепті аяқтаған соң М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, әскери кафедрада білім алып, лейтенант әскери шенін иелендім. Мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына депутаттыққа түсіп жатырмын.
Еңбек жолымды халыққа қызмет көрсету саласында бастадым. Осы кезеңде азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу бойынша тәжірибе жинақтадым. Қазіргі таңда Петропавл қаласы әкімдігінің аппаратына қарасты «Ситуациялық орталық» КММ басшысының орынбасары болып қызмет етемін.
Бұл жылдар ішінде мен ең бастысы — адамдарды тыңдай білуді және нақты нәтижеге қол жеткізуді үйрендім. Менің кандидат ретіндегі мақсатым- азаматтар мен билік арасындағы ашық, адал және тиімді қарым-қатынас орнату.
- Бағдарламамның басым бағыттары: Жастарды қолдау және жұмыс орындарын ашу.Жас мамандар мен түлектерді жұмыспен қамту бағдарламаларын дамыту;
- «Тәжірибелілер жастарға көмектеседі» қағидасы бойынша тәлімгерлік жүйесін енгізу;
- Жас кәсіпкерлерге жеңілдіктер, оқыту және микрокредиттерге қол жеткізу мүмкіндігін ұсыну.
- Цифрландыру және биліктің ашықтығы
- Қалалық онлайн-қызметтердің қолжетімділігін арттыру;
- Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылаудың ашық цифрлық жүйесін енгізу;
- Азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беретін мобильді және веб-платформалар арқылы кері байланысты күшейту.
- Қалалық инфрақұрылымды және өмір сапасын жақсарту
- Аула абаттандыру, көше жарығы мен көгалдандыру жобаларын қолдау;
- Жол және коммуналдық қызмет сапасын бақылау;
- Барлық шағын аудандарда қолжетімді спорт пен бос уақыт өткізу орындарын дамыту.
- Әлеуметтік әділдік және әлсіз топтарды қолдау
- Әлеуметтік көмекті нақты мұқтаж жандарға бағыттау;
- Балалы отбасыларды, мүгедектігі бар адамдарды және зейнеткерлерді қолдау;
- Әлеуметтік көмекті бөлу кезінде әділдікті қамтамасыз ету.
- Қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп жүйесін дамыту
- Қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйесін жетілдіру;
- Учаскелік полицияның рөлін арттыру және халықпен ашық диалог орнату.
Неліктен мені қолдау маңызды:
Мемлекеттік басқару саласында нақты тәжірибем бар;
Қалалықтардың қажеттіліктерін жақсы білемін;
Уәде үшін емес, нәтиже үшін жұмыс істеймін;
Мен – халық арасынан шыққан, халық үшін еңбек ететін адаммын.
Мен бірлесе отырып, біз Петропавлды және өңірімізді жайлы, қауіпсіз және дамыған аймаққа айналдыра алатынымызға сенемін! Сіздердің қолдауларыңыз – мен үшін ең үлкен сенім!
Құрметпен, депутаттыққа кандидат Жамбурбай Санжар Маратұлы
Жариялаған: «QazaqstanMedia» ЖШС, Петропавл қ., Брусиловский көшесі, 63/13. Тапсырыс беруші: депутаттыққа кандидат Жамбурбай С.М. Республикалық бюджет қаражатынан төленді.

