Солтүстікқазақстандық оқушылар Астана қаласында өткен «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзиялық спорт фестивалінен жеңіспен оралды. Аталған додаға өңіріміздің төрт құрамасы қатысып, үшеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп жазады Qazaqstan Media.

Спорттық іс-шараға 200-ге жуық қазақстандық бала қатысты. Оның 66-сы ерекше қажеттілігі бар бала. Олар бочча ойыны, эстафета және жеңіл атлетикадан сынға түсті. Солтүстік Қазақстан облысының намысын №4, №10 және Тоқшын мектеп-гимназиясы мен №1 Явленка орта мектебінің оқушылары қорғады.

СҚО оқушылары инклюзиялық спорт фестивалінен жүлделі оралды

Аққайың ауданы Тоқшын мектеп-гимназиясының төртінші сынып оқушылары жеңіл атлетикадан алтын медальға қол жеткізді. №4 және №10 орта мектептің оқушылары үшінші орыннан көрініп, қола медальды қанжығаларына байлады. Жеңімпаздарды теміржол вокзалынан Amanat партиясының өкілдері, «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері және ата-аналар қарсы алды.

«Тең мүмкіндіктер» фестивалі Amanat партиясы Әйелдер қанатының бастамасымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылған.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға келген түркістандық қос азаматтан 1,5 келі «синтетика» тәркіленді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *