СҚО-ның тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасын ұстап тұруға мүдделі

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін, тұрақтандыру қоры тауарларды сауда нүктелеріне қажетті мөлшерде жеткізе бастады. Қазіргі таңда облыстағы қорда 1224 тонна картоп, 500 тонна сырамсақ және күріш, қарақұмық сынды азықтардың жеткілікті мөлшері бар, деп жазады Qazaqstan Media.

«Солтүстік» ӘКК-де бүгінгі таңда бірінші кезектегі азық-түлік молынан бар. Мәселен қорда, 520 тонна сәбіз, 400 тонна қырыққабат, 500 тонна сарымсақ, 1224 тонна картоп бар. Көкөністерден басқа күріш, қарақұмық, ұн, күнбағыс майы, тұз, қант, тауық еті мен жұмыртқа бар. Бағалары да қолжетімді. Мысалы, күріштің келісі 427 теңге, қант – 460, ұн – 260-280 теңге, тұз – 55 теңгеден саудалануда. Картоп, қырыққабат, сарымсақ бағасының бір келісі 97 теңге болса, сәбіз -105 теңге. 

«Тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19-ның 14-і сатып алынады. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен қаражат бөлінеді. Биыл 2,85 млрд теңге қарастырылған. Өнімдердің басым бөлігі жергілікті тауар өндірушілерден алынады. Азық-түлік тұрақтандыру қорының нүктелеріне күн сайын, супермаркеттерге – аптасына үш рет, ал үйде орналасқан дүкендерге екі рет жеткізіледі. Тұрақтандыру қорымен ауылдық дүкендер де жұмыс істейді. Өтінімдерді аудандардағы кәсіпкерлік бөлімдері қабылдайды», — деп хабарлады «Солтүстік» ӘКК АҚ баспасөз қызметі.  

Тағы оқыңыз: СҚО оқушылары инклюзиялық спорт фестивалінен жүлделі оралды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *