СҚО-ның экс-әкімі Самат Ескендіров алаяқтық жасады деген күдікке ілінді  

Көкшетау қалалық сотында Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, Сенаттың экс-депутаты Самат Ескендіровтің процесі жүріп жатыр. Тергеу мәліметтері бойынша, ол Бурабай ауданы Ақылбай ауылының тұрғындарының жерін  банкке заңсыз салған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі politprosvet_kz телеграмм арнасына сілтеме жасап.

Самат Ескендіровке қарсы «аса ірі мөлшердегі алаяқтық» бабы бойынша айып тағылып отыр. Тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері жүргізген.

Самат Ескендіров ұзақ уақыт бойы Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар аудандардың әкімі болды. 2011 жылы ол Сенат депутаты болды. 2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2014 жылы Ескендіров қызметінен босатылды, сол кезде Президент Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин, оның жұмысы кезінде «әсіресе қызметтік этиканы сақтау саласында да олқылықтарға жол берілді», деген еді. Самат Ескендіров басшылық еткен кезде өңірдің бірнеше шенеуніктері сыбайлас жемқорлыққа барып, осыған байланысты ол облыс әкімі лауазымынан бас тартып, отставкаға кеткен еді.

Тағы оқыңыз: СҚО Жамбыл ауданында «Саламатты Қазақстан» пойызының дәрігерлері 60-тан астам науқасты қабылдады

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *