Солтүстік Қазақстан облысының екі бірдей ауданында судьялар ауысты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 наурыздағы Жарлығымен Айыртау аудандық сотының судьясы болып Нұрикамал Иманбекова, ал Уәлиханов аудандық сотының судьясы болып Дәулет Қасенов тағайындалды.
«Бұл аудандарда судья болған қызметкерлер басқа соттарға ауыстырылған. Сондықтан осы уақытқа дейін бос орын болған еді», — деп толықтырды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады. Оларды жуырда тағайындалған облыстық сот төрағасы Серікжан Ғабдулин құттықтап, сәттілік тіледі.
Тағы оқыңыз: Қазгидромет: Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 12 сағат ішінде 13 см-ге көтерілген