СҚО-ның бас санитар дәрігері қызына қызылшаға қарсы екпе қойдырды

СҚО-ның бас санитар дәрігері Әсет Жұматаев №3 қалалық емханаға арнайы барып, қызына қызылшаға қарсы екпе қойдырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Елімізде қызылшаға қатысты эпидахуал әлі де күрделі. Сондықтан дәрігерлер оған қарсы екпе алуға шақырады. Бүгін облыстың бас санитар дәрігері Әсет Жұматаев қызына індетке қарсы екпе салдырды.

«Қызым 6 жаста. ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, балалар қызылшаға қарсы алғашқы вакцинаны 12-15 айында, екіншісін 6 жаста алады. Бүгінгі таңда елімізде қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалуда. Қызылша — ауа тамшылары арқылы берілетін қауіпті инфекциялық ауру. Оның алдын алудың сенімді және тиімді әдісі – вакцинация. Профилактикалық егуден бас тарту арқылы сіз балаларыңыздың денсаулығына қауіп төндіресіз. Сондықтан да балаңыздың денсаулығын сақтау үшін қызылшаға қарсы екпе алғаныңыз дұрыс», — дейді Әсет Жұматаев.

Елімізде қызылшаның одан әрі таралуының алдын алу мақсатында 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балаларды қызылшаға қарсы қосымша жаппай имундау жүріп жатыр. Желтоқсан айынан бастап қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларды қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жалғасады.

Бүгінгі таңда СҚО-да қызылшаны жұқтырған 91 адам тіркелді. Басым бөлігі Петропавл қаласының тұрғындары.

Тағы оқыңыз: Театр актері Петропавл қаласының мәдениет бөлімін басқармақ

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x