СҚО-ның 2000-нан астам тұрғыны зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға өтінім білдірген

Елімізде 2021 жылдан бастап азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілді. Биыл осындай мүмкіндікті 2000-нан астам солтүстікқазақстандық пайдаланбақшы, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Былтыр бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының облыстық филиалына тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 8690 азамат өтініш қалдырған. Сөйтіп, қордан 10 млрд 665 млн теңге қаржы алынды. Ал зейнетақы жинағының бір бөлігін еміне деп 2276 солтүстікқазақстандық пайдаланған. Оларға 1 млрд 933 млн теңге берілді. Инвестициялық басқарушы компанияларға қатысты 22 өтініш қабылданып, 12 млн теңге аударылған. Дегенмен биыл бұл көрсеткіш едәуір төмендеген.

«2023 жылдың 11 айында тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қабылданған өтініштер саны – 1348. Ол өткен жылмен салыстырғанда  80 пайызға кем. Ал емделуге 660 өтініш түсті. Ол 2022 жылмен салстырғанда  70 пайызға кем. Көрсеткіштің азаюуын 2023 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегінің өсуімен байланыстырып отырмыз», — дейді «БЖЗҚ» АҚ СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы Ғалия Мұқанова.

Жеткілікті мөлшер шегі биыл 20 жастағы азамат үшін 3 миллион 260 мың теңге. Яғни, бұл жастағы адамның зейнетақы шотында осынша қаржы жатуы керек. Ал 30 жастағы азаматтардың шотында кем дегенде 4 миллион 580 мың теңге, 40 жастағы қазақстандықтарда 6 миллион 100 мың теңге қаржы болуы тиіс. Содан артығын белгілі бір мақсатта мерізімінен бұрын қолдана алады. 

«Инвестициялық басқарушы компанияларға қатысты өтініш 3 есеге өсті. Ол 77 өтініш яғни 33 млн теңге. Оған себеп 1 шілдеден бастап әлеуметтік кодекс енді. Онда міндетті зейнетақы жарналарының төменгі шегі болуы керек деген талап жоқ. Азаматтар қаражаттың 50 пайызына дейін аудара алады. Ерікті зейнетақы шоты болса 100 пайызын толық көлемде аудара алады», — дейді Ғалия Мұқанова.

Тағы оқыңыз:Биыл Имантау-Шалқар курорттық аймағында 95 мың адам демалды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x