Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өңір әкімі Астанада өткен ОКҚ брифингінде баяндады. Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, соңғы екі жылда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,5 есеге артқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Өсім өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарының тапсырыс портфелінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілген. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі жалпы шығарылымның 86 %-ын құрайды. Жаңа өндірістердің ішінде ең ірі жобалардың бірі — «ЗИКСТО» ЖШС-нің жолаушылар вагондары мен вагон-платформаларын шығаратын жаңа зауыты. Инвестиция көлемі — 24,3 млрд теңге, жылдық қуаты — 3 200 дана. Зауытта шығарылған вагондар республика бойынша теміржол желілерінде қолданылады.

«Өңірде жалпы құны 894 млрд теңгені құрайтын 51 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар аясында 7,8 мың жұмыс орны ашылады. Жалпы, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тартылған тікелей инвестициялар көлемі жылдық жоспардан 2 еседен аса орындалды», — деді СҚО әкімі.

Оның айтуынша, қаржы тартудағы негізгі орталық – «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы. Оның географиясы өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін ескере отырып кеңейтіліп, ауылдық аймақтарда екі жаңа субаймақ құрылды.

Маңыздысы, өңірге ДСП және ЛДСП плиталарын, тракторлар мен қосалқы ауыл шаруашылығы техникасын, кондитерлік өнімдерді өндіру жобаларын жүзеге асыратын тек ірі шетелдік компаниялар ғана келіп отырған жоқ. Сонымен қатар, отандық инвесторлар да белсенділік танытып, саңырауқұлақ фермасы мен компост зауытын іске қосты.

Тағы оқыңыз: Петропавлда республикалық додаларда атой салған жас каратешілер құрметке бөленді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *