2025 жылғы шілде айында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды. Енді ведомствоға Исламбеков Нұржан Батырбекұлы жетекшілік ететін болады, деп жазады Qazaqstan Media.

Нұржан Исламбеков 1998 жылдан бері мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда еңбек етіп келеді. Еңбек жолын ҚР Салық полициясы комитетінде бастаған. Кейін ҚР Индустрия және сауда министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінде, сондай-ақ Қаржы министрлігінің Салық комитетінде бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.

Мемлекеттік қызметтен кейін квазимемлекеттік секторда басшылық қызметтерде еңбек етті. Атап айтқанда, «Capital Logistics» ЖШС Бас директоры, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымдарында түрлі жауапты қызметтерде болды. Сонымен қатар, «Шымкент» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және «Түркістан» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі қызметін атқарды.

2024 жылдың қарашасынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Исламбеков Нұржан Батырбекұлы 1977 жылғы 25 ақпан күні дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетін бітірді.  2018 жылы Аймақтық Әлеуметтік-Инновациялық университетінің дипломын алды. 

Тағы оқыңыз: СҚО-да тау-кен саласын дамытуға 237 млрд теңге инвестиция бөлінді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *