Солтүстік Қазақстан облысының 74 мектебінде тыйым салынған сайттар еркін қолжетімді болған. Ашық түрде қауіпті контентке қолжетімділікті прокуратура қызметкерлері бұғаттады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ғ. Мүсірепов, Қызылжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандары мен Петропавл қаласының жалпы білім беретін мекемелерінде өрескел заң бұзушылықтар анықталған.

«Белгіленген нормаларға қарамастан  74 мектепте кәмелетке толмағандарды өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге, соның ішінде суицид пен күш қолдануға итермелейтін материалдар бар тыйым салынған сайттарға еркін қолжетімділік болған», – деп мәлімдеді облыстық прокуратура.

Аталған мектептердің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға  10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – шамамен 40 мың теңге айыппұл салынды.

«Сонымен қатар, прокурорлардың ұсынысы бойынша барлық аталған білім беру мекемелерінде тыйым салынған интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 мыңнан астам баланың құқығы қорғалды», – деп толықтырды қадағалау органының өкілдері.

Прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда олардың заңды өкілдері немесе өздері облыстық прокуратураның сенім телефонына хабарласа алатынын еске салады: 8 (7152) 36-03-59.

Тағы оқыңыз: Елімізде тамыз ҰБТ-сы басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *