Астанада ұстаздар күні қарсаңында салтанатты рәсім өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің үздік педагогтарына мемлекеттік наградалар тапсырды. Марапат иелерінің қатарында Солтүстік Қазақстан облысының да екі мұғалімі бар, деп жазады Qazaqstan Media.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Уәлиханов ауданы Мортық орта мектебінің математика пәні мұғалімі Гүлжан Сеитова марапатталды. Ол мамандыққа 35 жылдан астам ғұмырын арнаған.

«Оның шәкірттері олимпиадалар мен PISA бағыты бойынша жарыстарда жеңіске жеткен. Гүлжан Кәпезқызы тәжірибесімен белсенді бөлісіп, әдістемелік жинақтар жазады және СҚО математик-педагогтар қауымдастығының мүшесі», – деп хабарлады облыстық білім басқармасында.

СҚО мұғалімдері Президент қолынан марапат алды
СҚО мұғалімдері Президент қолынан марапат алды

Сол сияқты «Ерен еңбегі үшін» медалі Петропавлдағы Жоғары құрылыс-экономикалық колледждің арнайы пәндер оқытушысы Саруар Базарбаеваға да берілді. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы студенттерді бухгалтерлік іске баулып келеді. Оның жетекшілігімен олимпиада, байқау, WorldSkills Kazakhstan чемпионатының жеңімпаздары тәрбиеленді.

Саруар Оразқызы оқу құралдарын жазады, бағдарламалар әзірлейді, сарапшы комиссиялардың жұмысына қатысады.

Жоғары деңгейдегі марапат Солтүстік Қазақстан педагогикалық қауымдастығы үшін маңызды оқиға болды. Бұл ұстаз еңбегінің маңызын және ел болашағына қосқан үлесін тағы бір мәрте айқындады.

Тағы оқыңыз: Бірге ауылды дамытқан ардагерлер: Тайынша ауданында Қарттар күнінде еңбек ардагерлерін марапаттады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *