Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми іс-сапармен барып, «Орталық Азия-Жапония» саммитіне қатысты. Ауқымды іс-шара аясында теріскейлік серіктестік пен жапониялық компания арасында жаңа келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Саммит аясында өңіріміз үшін елеулі оқиға орын алды. Жамбыл ауданындағы «Династия Агро» серіктестігі мен күншығыстық «JATECO» компаниясы арасында зығыр майының қосымша көлемін жеткізуге арналған жаңа меморандумға қол қойылды. Келісім бойынша солтүстікқазақстандық кәсіпорын Жапонияға 3 мың тонна өнім жеткізуі тиіс.

Айта кету керек, жергілікті серіктестік пен жапониялық компания арасындағы ынтымақтастық 2022 жылы басталды. Шекара сыртында теріскейдің табиғи таза өнімі жоғары бағаланған. Ресми деректерге сүйенсек, күншығыс елінің зығыр майына деген жылдық қажеттілігі 10 мың тоннаны құрайды. Оның 33 пайызын жергілікті серіктестік жабатын болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда биыл әр салада өсім байқалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *