СҚО фермерлеріне астықты қашан сатқан тиімді?

Солтүстік Қазақстан облысының аграрийлері 2,4 млн гектарға жуық астықты орып үлгерді. Бұл егіс алқабының 72% құрайды. Қазір шаруалар алдындағы маңызды міндеттердің бірі — жаңа бидайды тиімді бағада сату, деп жазады Qazaqstan Media.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірдің астық қабылдау пунтктеріне 856,4 мың тонна астық түскен. Оның ішінде бидай-621,5 мың тонна. Биылғы егіннің сапалық көрсеткіштері төмен. Үшінші классты бидай жалпы 231,2 мың тонна немесе 39% құрап отыр. Ал төртінші классты астық -281,3 мың тонна немесе жалпы көлемнің 48% құрайды.
Сонымен қатар, майлы дақылдарды ору жұмыстары жүргізілуде. Қазір 145 мың гектар немесе жалпы егіс алқабының 21,6% шабылды. 176,6 мың тонна майлы дақыл бастырылды.
Енді аймақ шаруаларының алдында екі мәселе тұр. Бірі-егінді сақтау. Бұл мәселені өңірде бар 46 элеватор мен 322 астық қабылдау пункті арқылы шешуге мүмкіндік бар. Ал екіншісі, жаңа өнімді тиімді бағада сату. Оны енді әркім өзі шешуі керек.
Agricom халықаралық астық конференциясында қазақстандық сарапшылар бидай бағасы көтерілетін айтты. Бұған Ресейдегі жағдай ықпал ететін көрінеді.
Көрші мемлекет астықты сыртқы нарықтарға белсенді түрде сатуда, ал ішкі нарықта оларда астық қоры жоқ. Сонымен қатар, ауа райына байланысты күздік дақылдарды себу мүмкін болмай отыр. Нәтижесінде Ресейдің шекаралас аудандарында қазақстандық астыққа бәсекелестік тудыратын бидайдың аз мөлшері қалуы мүмкін. Бұл олардың нарығындағы бағаның өсуіне әкеледі.
Осы факторларды ескере отырып, сарапшылар қазақстандық астық 2025 жылдың ақпан – наурыз айларында Ресейге сатылады деп болжап отыр. Бұл Қазақстан нарығында бидай бағасының өсуіне әкеледі.
Қазір ҚР азық-түлік келісімшарт корпорациясы белгілеген бидайдың жаңа өнімін сатып алу бағасы 100 мың теңгені құрайды. Жоғары сапалы астық тоннасының нарықтық бағасы ҚҚС-пен 108 мың теңгеден аспайды.

Тағы оқыңыз: «Ауыр халде жатыр»: Петропавлда жүк көлігі жасөспірімді соғып кеткен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x