Солтүстік Қазақстан облысында жаңа тағайындау. Енді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасын Данияр Қуанышбаев басқармақ. Ол бұған дейін Ақмола облысында қызмет еткен, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Данияр Қуанышұлы Қуанышбаев 1985 жылы 15 қаңтарда Көкшетау облысы Рузаев ауданы Гавриловка ауылында дүниеге келген. Жоғары экономикалық білімі бар. 2006 жылы Абай Мырзахметов атындағы университетті тәмамдады. Кейін Ш. Уәлиханов атындағы КМУ «Құрылыс» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры дәрежесін алды.
2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызметте. Еңбек жолын Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде жетекші маман болып бастады. 2008 жылы бас маман болып ауыстырылды, ал 2011 жылы нақты секторды дамыту бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы экономика және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы болды. 2015 жылдың сәуір айынан бастап 2018 жылға дейін жоғарыда аталған басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды. Ал 2018 бастап Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болды. Осы тағайындауға дейін Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болды.
Айта кетейік, бұған дейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін Қызылжар ауданының бұрынғы әкімі Жанат Сәдуақасов атқарған болатын. Ол ведомствоға 4 айға жуық уақыт бұрын ауысқан еді.
Тағы оқыңыз: Есіл ауданында жарияланған төтенше жағдай режимі алынып тасталды