СҚО-да зиянды жағдайда істейтін 150 адамға әлеуметтік төлем беріледі

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді. Облыста әзірге аталған әлеуметтік төлем 10 адамға тағайындалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Төлемді тағайындау кезінде жұмысшы 55 жасқа толуы және оның 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы шарт. 2024 жылғы төлемнің орташа мөлшері шамамен 208 мың теңгені құрайды. Оны зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерГе жұмыс беруші өз қаражаты есебінен төлейді. 55 жасқа толған еңбек жағдайында зиянды жұмыспен айналыспайтын бірақ, жеті жыл ішінде міндетті кәсіптік жарналары аударылған адамдар да бұл төлемді алуға құқылы. Оларға қаражат республикалық бюджеттен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бөлінеді. Жалпы, облыста көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін азаматтардың саны- 150-ден асады. Жалпы, бұл төлем экономиканың 19 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі және осы секілді өмірге қауіпті салада қызмет ететін қазақстандықтарға беріледі.

«Әлеуметтік төлем 4 қаражат көзінен жүзеге асырылады. Біріншісі, республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнаулы кәсіптік жәрдемақы; екіншісі, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; үшіншісі, өмірді сақтандыру эөніндегі компаниялардан 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде; төртіншісі, қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленеді»,-деді Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Кенжегүл Хамзина.

Тағы оқыңыз:СҚО-да учаскелік полиция инспекторлары қар құрсауында қалған адамдарды құтқарды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x