Солтүстік Қазақстандағы «Тайынша-Астық» серіктестігіне үлкен көлемде айыппұл салынды. Серіктестік заңға сәйкес жылдық есебін бермепті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес, субъект департаментке тарифтік сметаны орындау бойынша жылдық есепті биыл бірінші мамырға дейін жіберуі тиіс. Аталған талапқа «Тайынша-Астық» серіктестігі бағынбаған. Ол облыстық ТМРКД- ке «Жылу энергиясын өндіру, тарату және онымен жабдықтау»қызметтері бойынша есепті ұсынбаған. Айыппұлдың сомасы үш млн теңгеден асып жығылады.
Айта кету керек, департамент серіктестікке алдымен ескерту хат жолдаған.
Тағы оқыңыз: Петропавлда «Yandeх Qazaqstan» акселерациясының апталығы басталды