Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 11 адам саркома дертіне шалдыққан. Өкінішке қарай, үш жерлесіміз көз жұмған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазіргі таңда облыста есепте 170-ке жуық тұлға тұр. Бұл өткен жылғы статистика. Биылғыдан үш адамға көп. Ал ажал құшқан жанның саны біреуге басым.

Аталған ауруды ракпен көбі шатастырып жатады. Дәрігерлердің сөзінше, рак ақшыл түсті болса, саркоманың түсі балық етіне ұқсас болады. Ал май тінінің ісігі сары түске айналады. Ісік кез келген жерден шығуы мүмкін. Саркомаға көбіне ер адамдар шалдығады екен. Себебі, олар дене жарақаттарын көп алады.

Дертке шалдыққан адамда әлсіздік пайда болады. Қызуы көтеріледі, жүрегі айниды, сүйектері ауыра бастайды. Егер осы белгілер байқалса, бірден дәрігерге жүгіну қажет. Себебі, ауру асқынса, емдеу қиынға соғады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 64 жастағы қала тұрғынына тегін күрделі ота жасалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *