Өткен жеті айда СҚО-да 231 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 21 адам қаза тауып, 315-і жарақат алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мамандардың сөзінше, жол-көлік оқиғаларының дені ереже сақтамаудың салдарынан болады. Өңірде жол қозғалысы тәртібін бұзғаны үшін 41 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 6953-і белгіленген жылдамдықты асырғаны, ал 660 жүргізуші көлік тізгінінде масаң күйде болғаны үшін жазаланды.

«Ел аумағында жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 26 ​​тамыз бен 6 қыркүйек аралығында «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы өтетін болады. Осы іс-шара барысында полицейлер жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелер орналасқан жерлерде жол желісінің және көлік қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын тексереді», — деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

Айта кетейік, өткен жеті айда балалардың қатысуымен 55 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан бір бала қаза тауып, 65-і жарақат алған. Сол себепті де, полицейлер жол ережелерін қатаң сақтап, абай болуға шақырады.

Тағы оқыңыз:СҚО-да шаруалар егін жинауға кірісті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *