СҚО-да жыл басынан бері алты бала терезеден құлаған

Жыл басынан бері өңірде  алты бала терезеден құлап кетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6%-ға көп, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Былтыр облыстық көпбейінді балалар ауруханасына биіктіктен құлаған бес бала жеткзілген болатын.  Олардың біреуі бес жасқа дейінгі бүлдіршін болса, төртеуі 10-18 жасқа дейінгі балалар. Мамандардың сөзінше,  осындай оқыс оқиғалар көбіне сәуір айынан тіркеле бастайды. Себебі, тұрғындар бөлмені желдету мақсатында терезені  ашық қалдырады. Нәтижесінде, кішкентай бүлдіршіндер абайсызда  терезеден құлап кетеді екен.

«Облыста жыл басынан бері алты баланың терезеден құлау фактісі тіркелді.  Олардың екеуі 1-5 жас аралағындағы бүлдіршіндер болса, төртеуі 10-18 жас аралағында. Бес жасқа дейінгі балалардың көбісі  москит торымен жабдықталған пластикалық терезелерден құлап кетеді. Кішкентайлар терезеден далаға қараймын деп қызықтап  сүйенеді. Ал ол тор баланың салмағын көтере алмайды. Осылайша, оқыс оқиға тіркеледі. Барлық ата-аналарға айтарым ешқашан балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Ол есейіп қалған болсада абайсызда құлап кетуі мүмкін», — деді травмотолог-ортопед Асылхан Жағыпаров.

 Тағы оқыңыз:Қазақстанда тағы да саусақ ізін тапсыру міндеттелмек

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x