Жыл басынан бері зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша облыстың алты ауданындағы 16 елді мекенде бруцеллезбен ауыратын 529 бас ірі қара анықталды. Осылайша өңірдегі бруцеллезбен ауырған ірі қара малдың үлесі 0,12 пайызды құраған, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.

Жалпы биыл облыста 716 мыңнан астам зерттеу жүргізілді, оның ішінде 463-мыңнан астамы диагностикалық, қалғаны аллергиялық зерттеу. Мамандардың сөзінше,уақтылы жүргізілген ветеринариялық шаралардың арқасында ауыл шаруашылығы жануарларының ауруға қарсы иммунитеті қалыптасып, малдың жұқпалы ауруларының тіркелуі азайған.

«Ағымдағы жылдың басынан бері облыста 9 қауіпті аймақ анықталды. 4 ауданның төрт елді мекенінде бруцеллез ауруы анықталса, Қызылжар және Ғ.Мүсірепов аудандарының үш ауылында құтырма, ал Уәлиханов ауданында жылқыдағы ринопневмония және жылқы тұмауы тіркелді. Жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар нәтижесінде 4 қауіпті аймақтан шектеу шаралары алынып тасталды», — деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Болыспаев.

Айта кетейік, жалпы облыста 9 қауіпті аймақта сауықтыру шараларын бұзғаны үшін 1 882 920 теңге сомасында шаруашылық басшыларына 17 айыппұл салынды.

Тағы оқыңыз:Қызылжар ауданында тасқыннан зардап шеккен үйлерді бағалау аяқталуға жақын

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *