Солтүстікқазақстандық полицейлер «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды жұмыс атқаруда. Өңірде заңсыз қоқыс тастайтын орындарды анықтау мақсатында 77 мобилді топ құрылып, мыңнан астам рейд жүргізілген, дейді Qazaqstan Media.

Полицейлер бұл жұмысты облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлерімен бірлесе атқаруда. Нәтижесінде мамандар 162 рұқсат етілмеген қоқыс орнын анықтады. Қазіргі уақытта олардың 107-сі жойылыпты.

СҚО-да жыл басынан бері 100-ден астам қоқыс үйіндісі жойылды
СҚО-да жыл басынан бері 100-ден астам қоқыс үйіндісі жойылды

Бұдан бөлек, жыл басынан бері облыста қоғамдық орындарды ластаудың 3,6 мыңнан астам фактісі тіркелген. Сондай-ақ, мамандар абаттандыру ережелерін бұзудың 18,5 мыңнан астам фактісін анықтаған.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы мүгедек балаларды шетелдік жарыстарға қатыстыру үшін қаржы керек

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *