Көліктік бақылау инспекциясының мамандары күн сайын жүк машиналардың салмағын өлшейді. Биыл мамандар 240-тан астам көлік иесіне әкімшілік хаттама толтырып, 87 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шамадан тыс жүк тиелген көліктер жолға салмақ түсірері айдан анық. Салдарынан жаңадан төселген асфальт желініп, шұңқырлар пайда болады. Оларға арналған айналмалы өткелдер бар, бірақ көбісі төтесінен түскенді жөн көреді.

Көліктік бақылау инспекциясының мамандары күн сайын ауыр машиналардың салмағын өлшейді. Битум тиеген жүк көлігі Омбы қаласынан Өзбекстанға қарай жол тартып бара жатыр. Көліктік бақылау инспекциясының мамандары ең алдымен машина иесінің құжаттарын тексеріп, ешқандай олқылық таппады.
 
Машинаның салмағын өлшеу үшін таразыға тұрғызылды. Талап бойынша оның салмағы 44 тоннадан артық болмауы тиіс. Егер асып кетсе 150 мың теңге көлемінде айыппұл салынады және көлік айыптұраққа апарылады. Жүк көлігінің салмағын мына бір планшеттен көруге болады. Қондырғы көрсеткендей, ауыр машинаға талапқа сай жүк артылған.

СҚО-да жыл басынан ауыр жүк көліктеріне 87 млн теңге айыппұл салынды
СҚО-да жыл басынан ауыр жүк көліктеріне 87 млн теңге айыппұл салынды

«Бір ауыр машинаны толықтай тексеруге жарты сағаттан астам уақыт кетеді. Егер оған шектен тыс жүк артылғанын анықтасақ, көлік иесіне және жүкті артқан серіктестікке де айыппұл салынады. Айта кету керек, шектен тыс жүк артылған көліктер асфальтті бұзып қана қоймайды. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасына да себепші болады. Себебі, мұндай машиналардың тежегіші істен шығуы мүмкін», СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Виталий Морозов.

2026 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жалпыға ортақ автожолдарда карьерлік жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады. Егер көлік жүргізушілері талапқа бағынбаса 1 млн теңгеге дейін айыппұл салынады. Жалпы, жыл басынан көліктік бақылау инспекциясы 1500-ге жуық ауыр жүк көлігін тексерген. Соның 240-тан астамына әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 87 млн теңге айыппұл салынды.

Тағы оқыңыз: «Қуаныш» ВК мен «Құлагер» ХК жарқын жеңіске жетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *