СҚО-да жыл басынан 49 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысында 11 айдың ішінде мақсатсыз пайдаланған 49 мың га жер мемлекетке қайтарылды. Бұл прокурорлардың араласуынан кейін мүмкін болған, деп жазады Qazaqstan Media.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді дұрыс пайдаланбау фактілері Ақжар, Тайынша, Тимирязев және Уәлиханов аудандарында анықталды. Бұл елді мекендерде мұндай 42 жер телімі тіркелген.

«Прокуратура пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған жерлер мемлекетке қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда», — деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бері қадағалау органы кадастрлық құны 932 млн теңгені құрайтын жалпы ауданы 49 мың га асатын жерді мемлекетке қайтарды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда мүгедектерге арналған би үйірмесі жабылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x