Петропавлда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы челлендж өтті. Оны облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО-да жыл басынан 34 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген. Былтыр осы уақыт ішінде 20 жайсыз оқиға болған. Келеңсіз жайттардың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары осындай іс-шараларды қолдап, үнемі рейдтер жүргізеді.

«Шара барысында мамандар тұрғындар көп жүретін жерлерге барып түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Отбасы құндылықтары жайлы мол ақпар берді. Ұйымдастырушылар челлендж барысында көбінесе жастармен тілдесті, Себебі, қазіргі ұл-қыздар — болашақ ата-аналар», — деді ұйымдастырушылар.

Айта кету керек, әйелге қол көтергендер 80 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 50 тәулікке темір торға тоғытылады. Ал денсаулығына зиян келтірген адам 200 АЕК айыппұл арқалайды немесе 2 жылын түрмеде өткізеді.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі медицина қызметкерлерін төл мерекемен құттықтады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *