СҚО-да жыл басынан 251адам еңбекақасын ала алмай жүр  

Өңірде жұмысшыларына уақытылы еңбекақы төлемеген кәсіпорындар бар. Жыл басынан бері 251 адам жалпы сомасы 63 млн теңгеден астам жалақыларын  ала алмай жүр. Мұндай кәсіпорындарға 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Qyzyljar телеарнасына сілтеме жасап.

Биыл жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары  облыстағы кәсіпорындар мен ұйымдарда 176 тексеру жүргізген. Нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзудың 121 фактісі анықталды. Жұмыс берушілерге олқылықтарды жоюға 67 ұйғарым шығарылды. Айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке жалпы сомасы 11,2 млн теңгеге 63 заңды тұлға тартылды. Сондай-ақ, биыл өндірісте 14 оқыс оқиға орын алып, 17 адам зардап шеккен. 2 адам мерт болған.

«Мысалы, ағымдағы жылдың сәуір айында «Чистотел» ЖШС-де өліммен аяқталған жазатайым оқиға болды. Құрылған комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы анықтады. Себептері: жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру және қауіпсіз еңбек техникасы блйынша оқытудағы кемшіліктер. Тергеу қорытындасы бойынша жұмыс берушінің кәнісінің дәрежесі 100 пайыз анықталды»,- СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Азат Көшербаев.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жер үйде өрт шығып, үй иесі көз жұмды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x