Биыл 192 қаңғыбас ит стерилденіп, вакцинациядан өткізілді. Бұл шаралар құтырма ауруының алдын алуға оң әсерін тигізіп отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Облыста қаңғыбас иттердің мәселесі әрқашанда өзекті. Адамдарды қауып алуымен қатар, түрлі ауруларды жұқтыруы мүмкін. Бұл бағытта ветеринария басқармасы ауқымды жұмыс атқарған.
«Биыл 200-ге жуық қаңғыбас ит стирилденіп, вакцинациядан өткізілді. Соның арқасында облыста құтырма ауруы анықталған жоқ»-, делінген облыстық ветеринария басқармасының редакцияға жіберген хатында.
Аймақта қаңғыбас иттерді уақытша ұстайтын сегіз арнайы орын бар. Олар: Айыртау, Ақжар, Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев, Тайынша, Тимирязев және Шал ақын аудандарын орналасқан. Облыс орталығында бұл мәселе ашық қалып отыр.
Елімізде 2023 жылдын бірінші қыркүйегінен бастап үй жануарларын есепке қою міндетті болып саналады. Чиптеу құны 4 500 теңгені құрайды. Ал, халықтың әлеуметтік осал топтарына бұл қызмет тегін негізде көрсетілмек. Чиптеу туралы барлық мәлімет «Таңба» бірыңғай базасына енгізіледі.
«Қазір облыста «TANBA» ақпараттық жүйесі арқылы 13 071 үй жануары тіркелген. Оның 7700-ден астамы ит болса, 5300-ге жуығы — мысық»-, делінген басқарма берген мәлімет бойынша.
Тағы оқыңыз: Қозыбаев университетіне мыңнан астам талапкер грантқа түсті