СҚО-да аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге23,3 млрд теңге бөлінген. Бірақ, бұл қаражаттың тек 18 пайызы яғни 4,2 млрд теңге ғана игерілген. Бұлтуралы бүгін облыстық әкімдікте өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының айтуынша, Ақжар, Қызылжар, Мамлют, Есіл және Уәлихановаудандарында жолдарды жөндеу жұмыстары кестегесай жүргізілмей жатыр. Мәселен, Ақжар ауданы бойынша 10 жобаға 3,5 млрд теңге қаражат бөлінген. Қазіргі уақытта Талшық және Май елдімекендеріндегі 40,5 шақырым жолды жөндеугедайындық басталған. Май мен Ұялы ауылдарыарасындағы 33 шақырым жол жөнделген. Жұмыстаршілде айының соңында аяқталады деп жоспарланған. Бірақ Бостандық пен Кіші-Қараойдағы 49,5 км, Ащыкөлдегі 11 шақырым автожолды жөндеу әлібасталмаған. Себебі, аудан әкімідігі жауапты мердігеркомпаниямен соттасып жатыр екен. Осығанбайланысты, тиісті қаражат игерілмей қалыпты.

 «Дәл осындай жағдай Есіл ауданында да бар. Аталмыш ауданға 7 жобаға 1,2 млрд теңге қаражатбөлінген. Бірақ қазіргі уақытта Торанғұл ауылындағы5,5 шақырымды жөндеу әлі басталмады. Қызылжарауданында 6 жобаға 900 млн бөлінді. Бірақ Виноградовка-Сумное автожолдарына орташа жөндеу жүргізілмеген.  Тапсырыс беруші мердігермен келісімшартты бұзу туралы сотқа талап қоюы керек», — деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушыЕрден Шортыбаев.

Дәл осындай мәселе Мамлют ауданында да шешілмейтұр екен. Қазіргі уақытта ондағы 3 жобаға жарты млрд қаражат бөлінген. Дегенмен Қызыләскерауылішілік жолына бөлінген 124,8 млн теңгеигерілмеген. Сондай-ақ Уәлиханов ауданындағы 9 жол жобасына 1,6 млрд қаражат бөлінді. Кішкенекөлауылындағы ауылішілік жолдың жөндеу жұмыстарыәлі басталмауына байланысты бөлінген қаражатигерілмей, жұмыстар кесетеге сай жүрмей жатырекен. Аудан әкімі жауапты мердігер компанияменсоттасып жатқан көрінеді.

 «Жолдардың көбі орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылмақ. Сіздер осының өзін толықтай бітіре алмай отырсыздар. Неліктен бөлінген қаражат толықтайигерілмейді? Сіз басқарма басшысы ретінде неге қадағаламайсыз? Жоспарды орындамаған ауданәкімдері әлі орнында отыр. Шамамен 15 млрд теңгелік жоба игерілмеген. Бізге нәтиже керек. Неліктен уақытылы мердігер компанияларменкелісішартты бұзбаған. Қыс бойы жүріп, тек жаздасоттасып жатырсыздар. Ал өңір тұрғындары сапасызжолмен жүруге мәжбүр», — деді облыс әкімі ҒауезНұрмұхамбетов.

Жиын соңында өңір басшысы жауапты басқармабасшылары мен аудан әкімдеріне бұл мәселені тез арада шешуді тапсырды.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x