СҚО-да жолдардың 33 пайызы талапқа сай емес

Солтүстік Қазақстанда жаңадан салынған жолдардың 33 пайызы талапқа сай емес. Мұны Жол активтері сапасының ұлттық орталығы облыстық филиалының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ағымдағы жылдың шілде мен қыркүйек айларында Жол активтері сапасының ұлттық орталығы және жергілікті атқарушы орган мамандары жол-құрылыс материалдарының 611 сынамасын алған. Нәтижесінде оның 202-сі нормативтік-техникалық құжаттардың нормаларына сәйкес келмеген.

«Сонымен қатар орталық мамандары жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары мен көшелердегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша 149 инспекциялық тексеріс жүргізген. Оның қортындысында 21 олқылық (оның ішінде өрескел – 3 , елеулі – 8 және елеусіз – 10) анықталды. Негізінен ақаулар мен ескертулер республикалық, облыстық, аудандық және қалалық жолдарда тіркелген», — делінген хабарламада

Олқылық жіберген мердігерлерге нұсқама хаттар жіберілген. Оған сай олар белгіленген уақытта ақауды жойып, жолды қалыпқа келтіруі тиіс.

Тағы оқыңыз: Президент еркін күрестен әлем чемпионы атанған солтүстікқазақстандық Ризабек Айтмұқанды құттықтады

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x