Солтүстік Қазақстанда жолаушылар мінген автобус жолдан шығып кетті. Автобуста тоғыз адам болған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Солтүстікқазақстандық құтқарушылар жолдан шығып кеткен автобусты сүйреп шығарды. Оқиға Жезқазған — Петропавл тас жолының бойында болған. Николаевка ауылының маңында тоғыз жолаушы мінген автобус жолдан шығып кеткен.
«ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштері оқу жаттығуларға бара жатқанда автобусты көріп, оны қайтадан жолға сүйреп шығарды. Жолаушылар зардап шеккен жоқ. Медициналық көмекке де ешкім жүгінбеген», — деп делінген ТЖМ баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Тағы оқыңыз: Петропавлда газ қымбаттайды